Бүгін Ualikhanov University-де педагогикалық институт студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл оқиға 15 ауданнан, соның ішінде Көкшетау мен Степногорск қалаларынан 127 жұмыс берушінің назарын аударды. Жәрмеңкеге болашақ мансап мүмкіндіктерін зерттеуге дайын 337 студент қатысты. Құрметті қонақтар қатарында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі» КММ Директоры КММ директоры Хасенова М.Б, білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Б.Б болды, сондай-ақ педагогикалық институттың директоры Бексеитова.А.Т.Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз және болашақ мұғалімдерімізге табысты жұмысқа орналасуларына тілектеспіз!