Кәмелетке толмағандарға арналған іс-қимыл алгоритмі
Не істеу керек
1
Қорлаушыларға жауап берме және хат-хабарды өшірме.
2
Күні, пайдаланушы аты және парақшаға сілтемесі көрінетін скриншоттар жаса.
3
Қорлаушыны бұғаттап, платформа әкімшілігіне «Шағымдану» батырмасы арқылы хабарла.
4
Ата-анаңа, мұғалімге немесе психологқа айт.
5
Ата-анаң полицияға арыз бере алады. Интернеттегі қудалау да заң бойынша жазаланады.
6
Басқа адамның ар-намысына тиетін материалдарды таратпа: ол үшін өзің де жауап беруің мүмкін.
7
Қолдау немесе контентті өшіруге көмек қажет болса, 111 нөміріне қоңырау шал.
Шұғыл қоңыраулар
Ақпарат анықтамалық сипатта және заңгерлік кеңесті алмастырмайды. 111 нөмірі бойынша көмек тегін әрі анонимді.