2. Fixly — көппәтерлі тұрғын үйлерді ашық басқаруға арналған интеллектуалды GovTech-экожүйе
Жылы: 2026
Грант сомасы: 1 000 000 теңге
Жобаның негізін қалаушы: Новокрещенов Александр Денисович.
Ғылыми жетекшісі: Макатов Ерхан Каиржанович.
Жоба сипаттамасы:
Fixly — мүлік иелерінің бірлестіктеріне (МИБ), жай серіктестіктерге (ЖС), басқарушы компанияларға, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарына және сервистік мамандарға арналған цифрлық GovTech-платформа. Жоба тұрғындардың өтініштерін, жауапты орындаушыларды тағайындауды және өтініштердің орындалу мәртебесін бірыңғай цифрлық жүйеде біріктіру арқылы тұрғын үйді басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.
Платформаның негізгі функционалдық мүмкіндіктері:
- тұрғындардың өтініштерін құру және өңдеу;
- жауапты орындаушыларды тағайындау және жұмыстардың орындалуын бақылау;
- көппәтерлі тұрғын үйдің құжаттамасы мен қаржылық есептілігін жүргізу;
- тұрғындар арасында ақпараттық сауалнамалар өткізу;
- сервистік мамандарды іздеу және тарту;
- тұрғындар мен үйді басқару органдары арасындағы өзара байланысты орталықтандыру.
Монетизация моделі: МИБ тарапынан жазылымдық төлем жүйесі, сондай-ақ тартылған мамандардың қызметтері үшін комиссия алу мүмкіндігі қарастырылған. Жазылымның алдын ала ұсынылған құны — айына бір пәтерге 120 теңге. Алғашқы қосылушылар үшін алғашқы үш айда айына бір пәтерге 50 теңге көлеміндегі арнайы тариф қарастырылуда. Түпкілікті шарттар пилоттық енгізу нәтижелері бойынша айқындалады.
Іске асыру кезеңі: Веб-сервистің және Flutter негізінде әзірленген мобильді қосымшаның бағдарламалық негізі жасалған. Жоба прототип әзірлеу және пилоттық енгізуге дайындық кезеңінде. Жақын арадағы негізгі міндет — техникалық тексеруді аяқтау және Көкшетау қаласындағы алғашқы МИБ базасында платформаны сынақтан өткізу.