1. VOID — көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі инновациялық ақылды көзілдірік

Жылы: 2026

Грант сомасы: 900 000 теңге

Жобаның негізін қалаушы: Рахимов Темирлан Валиханович.

Жоба сипаттамасы:

VOID — көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған ақылды көзілдірік әзірлеуге бағытталған инновациялық технологиялық жоба. Құрылғы қоршаған ортаны нақты уақыт режимінде талдауға арналған AI-алгоритмдерді, камераны, лидарды және сенсорларды біріктіреді. Жүйе кедергілерді, адамдарды, көлік құралдарын, заттар мен мәтіндік ақпаратты таниды және қажетті мәліметтерді дауыстық хабарламалар мен тактильді кері байланыс (діріл) арқылы пайдаланушыға жеткізеді.

Негізгі функционалдық мүмкіндіктері:

  • навигация және жолдағы кедергілерді анықтау;
  • тұрмыстық заттарды, жазуларды, баға белгілерін және баспа мәтіндерін тану әрі дауыстап жеткізу;
  • өнімді процессор мен NPU-модулін пайдалана отырып, деректерді тікелей құрылғының өзінде автономды өңдеу;
  • интернетке тұрақты қосылуды қажет етпей, пайдаланушы деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Іске асыру кезеңі: Техникалық іске асырылуында.