Жоғары медицина мектебі
Ректордың медициналық білім беру жөніндегі кеңесшісі
Жоғары медицина мектебінің директоры
Директор кабинеті: 105
Эл. пошта: medicina.fakultet@shokan.edu.kz
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің КЕАҚ жоғары медицина мектебінің парақшасына қош келдіңіз!
Сайтта сіз білім беру бағдарламалары (ББ), факультеттің құрылу тарихы, кадрлық әлеует туралы біле аласыз.
Дәрігердің қалыптасуында бейімділік, білім, психологиялық үйлесімділік, мәдениет пен тәрбие, сыртқы келбет, риясыздық, сөз бен іс-әрекеттің сәйкестігі, кәсіби құпияны сақтау, гуманизм, азаматтық және патриотизм маңызды.
Біздің факультетте оқу жылдары осы факторлардың мәнін түсінетініңізге сенемін. Дәрігер қоғамда ерекше орынға ие екенін сезініп, медицина саласынан тыс мамандар арасында бірінші болуы тиіс — себебі оның міндеті адамның жасаған нәрсеге емес, адамның өзіне қамқор болу».
Құрметпен,
Жоғары медицина мектебінің кеңесшісі
Медициналық ғылымдарының докторы, доцент Муратбекова Светлана Қабденовна
ЖММ миссиясы - заманауи инновациялық, тәжірибеге бағдарланған технологияларды меңгерген және ҚР Денсаулық сақтау мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағдарланған білікті бәсекеге қабілетті медицина мамандарын даярлау.
ЖММ мақсаты – ауруларды диагностикалауға, емдеуге және алдын алуға, сондай-ақ халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған медицина саласындағы білім мен дағдыларды меңгеру және қолдану негізінде пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін іргелі білімі мен дағдылары бар құзыретті және білімді медицина мамандарын даярлау.
Профессор-оқытушы құрамы жасақталған, кафедралар құрылды, 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу басталды. 2021 жылы факультет «Жоғары медицина мектебіне» қайта құрылды.
Жоғары медицина мектебін құру бастамашыларының бірі – Муратбекова Светлана Қабденовна. Қазіргі уақытта ол ректордың медициналық білім беру бойынша кеңесшісі қызметінде, медицина ғылымдарының докторы және Жоғары медицина мектебінің доценті. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап мектептің директоры болып Лисицын Юрий Вячеславович тағайындалды.
Кафедралар: «Морфология, физиология және жалпы патология», «Клиникалық пәндер», «Хирургиялық пәндер». Қазіргі таңда профессорлар мен ғылым докторлары, кандидаттар мен магистранттардан құралған жоғары білікті ғылыми педагогикалық ұжым қалыптасқан. Бакалаврлар, магистранттар және резиденттерді даярлау 26 штаттық оқытушы жүргізеді, оның ішінде 4 ғылым докторы, 5 кандидат, 2 PhD докторы, 4 магистрант.
Оқытушылар құрамының дәреже алу көрсеткіші штаттық қызметкерлер санынан шамамен 42,3 % құрайды.
Қызмет туралы ақпарат
- 6В10104 «Медицина» (бакалавриат) – 5 жыл
- 7М10101 «Медицина» (профиль магистратурасы) – 5 жыл
- 7М10102 «Медицина» (ғылыми педагогикалық магистратура) – 5 жыл
o 7R01101 «Кардиология (ересек, балалар)» (резидентура) – 5 жыл Аккредитация бағдарламалардың жоғары медициналық білім сапасының стандарттарына сай екендігін растайды және түлектерге ұлттық деңгейде біліктілік танылуын қамтамасыз етеді.
Жаңа, заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған кабинеттер құрылды:
Оқу және өндірістік (клиникалық) практикаларды ұйымдастыру және өткізу үшін Ақмола облысының аккредиттелген жетекші Денсаулық сақтау ұйымдарымен шарттар жасалды:
20. "Авиценна" ЖШС Бурабай
21. Қарағанды облысы Осакаров ауданының ОАА
22. Степногорск қ. "Viamedis" ЖШС
23. Батыс Қазақстан медициналық университеті (БҚМУ)
24. Семей медицина университеті (МУС)
25. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық (ҰҒКО)
26. Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭС)
Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды:
Студенттер контингенті
22.09.2025 жағдай бойынша — 790 студент; оның ішінде облыс әкімінің гранты бойынша 125 адам, АСП 8 студент, МЗРК гранты бойынша 19 студент, жекелей стипендиялар — 60, өз қаражаты бойынша — 279.
Интернатура
6-7 курс интернатурада 89 интерн оқиды, оның ішінде МЗРК гранты бойынша 19 интерн бар. Бакалавриат, магистратура және резидентура білім беру бағдарламалары әзірленген.
Магистратура
1 курс (профильдік бағыт) – 7 магистрант
2 курс (ғылыми педагогикалық бағыт) – 2 магистрант
Шетелдік студенттер туралы ақпарат
2018 жылдан бастап Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ISM компаниясымен Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Франция, Бангладеш және басқа елдерден келген шетелдік студенттерді жалдау бойынша ынтымақтасады.
Қазіргі кезде ағылшын тілінде 221 студент оқиды, олардың ішінде 6 студент стипендия бағдарламасы бойынша. Үндістаннан – 250, Пәкістаннан – 24, Ауғанстандан – 4, Бангладештен – 1, Франциядан – 1.