Кафедра тарихы

«Клиникалық пәндер» кафедрасы 2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Медицина факультеті құрылғаннан бері ұйымдастырылып, негізгі кафедралардың бірі болып саналады.

Клиникалық пәндер кафедрасының негізгі міндеті – медицина ғылымының заманауи жетістіктерін ескере отырып, клиникалық белгілерді дамыту саласында заманауи іргелі білімдерді қалыптастыру. Кафедраның клиникалық базалары Ақмола көпсалалы облыстық ауруханасы, қалалық көпсалалы аурухана, көпсалалы облыстық балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар орталығы, Ақмола облысының аудандық ауруханалары, сондай-ақ қалалық емхана және «Виамедис» ЖШС, Көкшетау қаласының орталық емханасы. Клиникалық базалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кафедра терапевтік пәндер бойынша студенттерді және интерн дәрігерлер дайындайды.

Ашылған сәттен бастап 2023 жылға дейін кафедраны м.ғ.к. Тұрлубеков Қайрат Қарайұлы, кафедраның штат құрамында қызметкерлері Ебелекова Лиза Ерғалиқызы, Мұқатова Райхан Ерғалиқызы, Исаков Олжас Бағланұлы болды.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап кафедраны МВА, PhD Кульбаева Шынар Қамбарқызы басқарады. Педагогикалық ұжым жеткілікті түрде қамтамасыз етілген: м.ғ.д. Мұратбекова Светлана Қабденқызы, м.ғ.к. Тілеубергенов Ерназар Төленұлы, м.ғ.к. Нүкітова Ботагөз Тілембайқызы , м.ғ.к. Қабдықапаров Нұрлыбек Рысқалиұлы, Хасенова Светлана Қарабалиновна , Ебелекова Лиза Ерғалиқызы, Жұматаева Сауле Аймұхаметқызы, Пичкунова Виктория Викторовна денсаулық сақтау саласында көп жылдық тәжірибесі бар. Кафедраның жас оқытушылары Андреева Ксения Алексеевна, Дюсембина Жанбота Досантайқызы, Абдиказимова Сауле Габдисалимовна, Толтыр Серік Қайыржанұлы ағылшын тілінде сабақ жүргізеді.

Кафедрада келесі оқытушылар ағартулық және емдік қызметтерін біріктіреді: Раева Алма Каратайқызы, п.ғ.к. Мартазанов Макшарап Баматгиреевич, Балтабаев Қайрат Нұрмашұлы, Мұқатова Райхан Ерғалиқызы, Тилеубаева Ботагөз Амангелдіқызы, Смағұл Наурызбай Бақытұлы, Прилуцкая Екатерина Юрьевна. Кафедра оқытушылары мен қызметкерлері студенттердің бейіндік пәндер бойынша заманауи тексеру және емдеу әдістерін меңгеруіне ықпал етіп, медициналық этика мен деонтология қағидаларын сақтауға ерекше көңіл бөледі. Жоғары медициналық мектептің клиникалық базалары заманауи талаптарға сай және кең ауқымды зерттеулер жүргізуге қажетті заманауи жабдықтармен және зертханалармен жабдықталған.

Кафедраның мақсаты – студенттердің жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін білім мен дағдыларды, кәсіби дағдыларды меңгеруіне қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге терең теориялық білімі мен жеткілікті кәсіби дағдылары бар білікті мамандарды дайындау , заманауи технологияларды дамыту және енгізу оқу үдерісін ғылыми ұйымдастыру негіздерін және оқыту мен оқудың жаңа технологияларын енгізу, білім беру, оқу сабақтарын, практикалық семинарларды және студенттердің өзіндік жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және өткізу , материалдық-техникалық база мен кадрлық ресурстарды нығайту.

Кафедрада "Жас зерттеуші" студенттік ғылыми үйірмесі белсенді жұмыс істейді. Жыл сайын шетелдік және отандық профессорларды шақыра отырып, ғылыми – практикалық конференциялар ұйымдастырылады.

Кафедраның жұмысы оқу-әдістемелік, клиникалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәрбиелік іс-шараларды қамтитын жоспарға сәйкес ұйымдастырылған.

Бұл ретте студенттердің практикалық дағдыларын бағалау үшін станциялар анықталатын Модельдеу орталығы пайдаланылады.

Кафедраның пәндері үш тілде оқытылады: қазақ, орыс және ағылшын.

Бүгінгі күні клиникалық пәндер кафедрасының базасы Ақана-Сере 1Б (4 қабат) онкологиялық диспансер ғимаратында орналасқан.

  «Клиникалық пәндер» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Профессор-оқытушылар құрамы

Кульбаева Шынар Камбаровна (Клиникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі) Мұратбекова Светлана Қабденқызы (Жоғары медицина мекткбінің директоры ) Тлеубергенов Ерназар Туленович (Лектор) Андреева Ксения Алексеевна (Лектор) Нукутова Ботагоз Тлембаевна (Лектор) Дүйсенбина Жанбота Досантайқызы (Oқытушы) Әбдіказімова Сәуле Ғабдисәлімқызы (Ассистент-лектор) Хасенова Светлана Карабаллиновна (Оқытушы) Ебелекова Лиза Ерғалиқызы (Дәрігер педиатр, балалар гастроэнтерологы, клиникалық пәндер кафедрасының ассистенті) Толтыр Серік Қаиржанұлы (Пульмонолог дәрігер. Ерте өмір бөлімі. Көкшетау қ. ) Жұматаев Сәуле Аймұхаметқызы (Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісіКөкшетау қалалық көпсалалы аурухана) Қабдықапаров Нұрлыбек Рысқалиұлы (Дирекцияның атқарушы директоры) Пичкунова Виктория Викторовна (Көпсалалы облыстық балалар аурухана,меңгерушісі балалар инфекциялық бөлімшесімен) Мырзаханова Маржан Нуркенқызы (Профессор-дәріскер)

Байланыстар

Телефон нөмірлері

8 (7162) 40-13-61

Кафедраның мекен-жайы
Акана сері, 1б
E-mail

clinic_medicine@shokan.edu.kz