Климаттық бейімделу және инфрақұрылымның орнықтылығын арттыру
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті климаттың өзгеруі мәселелерін ғылыми, білім беру және инфрақұрылымдық қызметтің маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырады.
Университет климаттық өзгерістер, олардың табиғи экожүйелерге, ауыл шаруашылығына және өңірлік дамуға тигізетін салдары туралы білімді таратуға ықпал етеді.
«ӨМІР» стандарты (KazGBC) бойынша университет ғимараттарын экологиялық сертификаттау аясында климаттық тәуекелдерді бағалау маңызды практикалық жетістік болды.
65%
Климаттық бейімделу бойынша ұсынылған шаралардың іске асырылу үлесі
Бас оқу корпусы: KazGBC бағалау кестесіне сәйкес іске асырылған шаралардың үлесі.
Бас оқу корпусы бойынша ғимараттың өңірлік климаттық тәуекелдерге осалдығын төмендетуге бағытталған ұсынылған шаралардың 65%-ы іске асырылғаны құжат жүзінде расталды. Бұл көрсеткіш стандарттың тиісті өлшемшарты бойынша белгіленген ең төменгі міндетті талаптан жоғары.
Климаттық бейімделуді бағалау сертификатталған студенттік жатақханалардың құжаттамасында да қарастырылған.
Университет инфрақұрылымды орнықты пайдалану тәсілдерін қалыптастыруды, энергия тиімділігін арттыруды және ғимараттарды одан әрі жаңғыртуды жоспарлау кезінде климаттық тәуекелдерді ескеруді жалғастыруда.
Осылайша, университеттің ТДМ № 13-ке қосқан үлесі климаттық білім беруді, ғылыми зерттеулерді және университет инфрақұрылымының климаттың өзгеру салдарына төзімділігін арттыруға бағытталған практикалық шараларды біріктіреді.