UN-Habitat - A Better Urban Future | UN-Habitat
Су ортасын зерттеу және экологиялық ағарту
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті су экожүйелерін сақтау, су ортасының ластануының алдын алу және су ресурстарын ұтымды пайдалану қағидаттарын қолдайды.
Университеттің географиялық орналасуын ескере отырып, негізгі ғылыми және өңірлік қызығушылық Ақмола облысының көлдер, су қоймалары және басқа да ішкі су айдындарын қамтитын тұщы су экожүйелеріне бағытталған.
Су сапасы зертханасының болуы су ресурстарының жай-күйін зерттеуге, экологиялық факторларды зерделеуге және студенттердің су ортасын мониторингтеу саласындағы құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ су экожүйелерін ластану мен деградациядан қорғау қажеттілігін түсінуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, ТДМ № 14 тікелей мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтауға бағытталған. Сондықтан университеттің тұщы су экожүйелерін зерттеу жөніндегі қызметі ең алдымен ТДМ № 6 және № 15 мақсаттарына сәйкес келеді және ТДМ № 14-ке қол жеткізуге қосымша, жанама үлес ретінде қарастырылады.