«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (020000, Көкшетау қ., Абай көшесі, 76) комплаенс-офицер лауазымына конкурс жариялайды.
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Корпоративтік басқару кодексінің 15-тармағына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет» комплаенс-офицер Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіз жұмыс істеуін, сондай-ақ Қоғамның Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын және ішкі нормативтік құжаттарын сақтау жөніндегі функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Негізгі талаптар:
- жоғары білім (мүмкіндігінше заңгер немесе экономикалық);
- комплаенс, құқық, аудит, мемлекеттік қызмет немесе өзге де сабақтас салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын білу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау, қызметтік тексерулер жүргізу және ішкі талдау жасау дағдыларының болуы;
- ұстанымшылдықтың, объективтіліктің жоғары деңгейі және құпиялылықты сақтау;
- соттылығының болмауы;
- мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.
Қосымша талаптар:
- комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент, ішкі бақылау немесе корпоративтік басқару саласында қосымша білімнің және/немесе сертификаттардың болуы басымдық болып табылады.
Тағайындау тәртібі және қызмет ету шарттары
- комплаенс-офицер Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады;
- өкілеттік мерзімі Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-функцияның тәуелсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді;
- белгіленген тәртіппен Директорлар кеңесіне есептер ұсынады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
- Құжат қабылдаудың басталуы: 2026 жылғы 30 маусым
- Құжат қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 7 шілде сағат 18:00-ге дейін
Әңгімелесу өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттар «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-ның корпоративтік хатшысына мына мекенжай бойынша қабылданады:Көкшетау қ., Абай көшесі, 76, 403-кабинет, тел.: +7 701 270 83 75 (Фаткиева Г.Т.)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Қоғамның Директорлар кеңесі төрағасының атына өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) конкурсқа қатысушының еңбек қызметі туралы мәліметтер;
4) білім туралы құжаттардың және қосымшаларының көшірмелері;
5) жұмыс орнындағы кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) № 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
7) психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық бақылауда жоқ екендігі туралы анықтама;
8) наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда жоқ екендігі туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама.