«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі (020000, Көкшетау қ., Абай көшесі, 76) омбудсменнің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Корпоративтік басқару кодексінің 13-тармағына сәйкес, «Қоғамның омбудсмені» омбудсмен іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету және әлеуметтік-еңбек дауларын реттеуге жәрдемдесу мақсатында тағайындалады.

Омбудсмен өз қызметін тәуелсіздік, объективтілік және құпиялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

Негізгі талаптар:

- жоғары білім;

- білім беру, мемлекеттік қызмет немесе азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты өзге де салаларда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

- Қазақстан Республикасының білім беру және адам құқықтарын қорғау саласын реттейтін заңнамасын білу;

- жоғары деңгейдегі коммуникативтік дағдылар, жауапкершілік, объективтілік және бейтараптық;

- құпиялылық қағидаттарын сақтау;

- соттылығының болмауы;

- мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Қосымша талаптар:

- менеджмент саласындағы, оның ішінде жоғары білім мен ғылым саласындағы сапа менеджменті жүйесі және корпоративтік басқару бойынша біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

Тағайындау тәртібі мен қызметінің шарттары:

- омбудсмен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады;

- өкілеттік мерзімі қайта сайлану мүмкіндігімен 2 жылды құрайды;

- қызметкерлерге және еңбек дауларына қатысушыларға кеңес береді;

- ҚР заңнамасын сақтай отырып, дау-жанжал жағдайларын реттеуге жәрдемдеседі;

- атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есеп ұсынады;

- қызметі Директорлар кеңесі тарапынан бағаланады.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Қабылдаудың басталуы: 2026 жылғы 30 маусым

Қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 7 шілде (сағат 18:00-ге дейін)

Әңгімелесудің өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Құжаттарды «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ-тың корпоративтік хатшысына мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Көкшетау қ., Абай көш., 76, 403-каб., тел.: +7 701 270 83 75 (Фаткиева Г.Т.)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қоғамның Директорлар кеңесі төрағасының атына өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының еңбек қызметі туралы өмірбаяны (түйіндеме);

4) білім туралы құжаттардың және қосымшаларының көшірмелері;

5) жұмыс орнындағы кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) № 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық бақылауда болмауы туралы анықтама;

8) наркологиялық науқастардың динамикалық бақылауда болмауы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама.