Мақсаттары

  • қызметкерлер мен білім алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге жәрдемдесу;
  • жанжалдар мен әлеуметтік-еңбек дауларын сындарлы түрде реттеу;
  • ашық диалог жүргізу және әділ, сындарлы әрі іске асырылуы мүмкін шешімдерді іздеу үшін бейтарап алаң құру.

Міндеттері

  • қызметкерлер мен білім алушылардың қызметкерлердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ лауазымды тұлғалардың шешімдеріне (актілеріне) қатысты өтініштерін қарау;
  • жанжалдарды (дауларды) құқық қорғау және сот органдарына берілгенге дейін ерте кезеңде реттеуге жәрдемдесу;
  • қызметкерлер мен білім алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу;
  • келіп түскен өтініштер бойынша жанжалдарды (дауларды) реттеу жөнінде Қоғамның лауазымды тұлғаларына ұсынымдар беру.

Қызметінің негізгі қағидаттары

Тәуелсіздік

Омбудсмен өтініштерді оның ұстанымына ықпал етуі мүмкін кез келген араласуға жол бермей отырып, өз бетінше және объективті түрде қарайды.

Бейтараптық

Омбудсмен бейтарап ұстанымды сақтайды және жағдайға қатысушылардың барлығының мүдделерін ескеретін шешім іздеуге жәрдемдеседі.

Әділдік

Өтініштерді қарау барысында Омбудсмен қандай да бір тарапқа басымдық бермей, жағдайдың мән-жайларын объективті бағалайды.

Құпиялылық

Өтінішті қарау барысында алынған ақпарат, заңнамада және белгіленген қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етілуге жатпайды.

Ресмилендірілмеу

Омбудсменге жүгіну күрделі формальды рәсімдерді сақтауды талап етпейді және ең алдымен диалогқа, жанжалдың алдын алуға және өзара қолайлы шешім іздеуге бағытталған.


Омбудсменге жүгіну тәртібі

Омбудсменге жүгіну тек жазбаша түрде жүзеге асырылады:

  • жеке жүгіну арқылы;
  • посредством электронной почты: ombudsman@shokan.edu.kz

Өтініште мыналар көрсетілуі тиіс:

  • өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • кері байланыс жасауға арналған байланыс деректері;
  • мәселенің мәнін қысқаша және нақты баяндау;
  • жағдайдың туындау мән-жайлары;
  • өтініш құқықтардың бұзылуына немесе жанжалды жағдайдың туындауына байланысты болған жағдайда, қызметкерлердің әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе лауазымды тұлғалардың шешімдері туралы мәліметтер;
  • егер бұрын қабылданған болса, өтініш берушінің бұған дейін қабылдаған шаралары.

Қажет болған жағдайда, өтінішке баяндалған мән-жайларды растайтын құжаттар мен өзге де материалдар қоса берілуі мүмкін.

Өтініште дұрыс әрі шынайы ақпарат көрсетілуі және қойылған мәселенің мәнін анықтауға мүмкіндік берілуі тиіс.

Қажет болған жағдайда Омбудсмен өтінішті қарау үшін қажетті қосымша мәліметтерді немесе құжаттарды өтініш берушіден сұратуы мүмкін.