Қызмет бағыттары:

- дамудың негізгі стратегиялық маңызды бағыттары бойынша университет қызметін мониторингілеу және үйлестіру;

- университеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін түзету және алдын-алу шараларын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;

- университеттің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттырының орындалуын қамтамасыз ету;

- жоғары оқу орнының үш деңгей (бакалавриат, магистратура, докторантура) бойынша білім беру бағдарламаларының ұлттық және халықаралық рейтингтеріне қатысуын ұйымдастыру;

- негізгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін аккредиттеуге дайындық бойынша іс шаралар өткізу;

- білім беру бағдарламаларын аккредиттеу рәсімдерін ақпараттық-әдістемелік және ұйымдастырушылық сүйемелдеу;

- ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сүйемелдеуді ұйымдастыру.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін САжСМД мынадай міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:

- стратегиялық жоспарлау процесін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелер мен қызмет бағыттары деңгейінде ұйымдастыру;

- стратегиялық жоспардың, даму жоспарының индикаторлары мен көрсеткіштерін талдау және бағалау;

- ЖОО институционалдық аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу рәсімін ұйымдастыру және сүйемелдеу;

- білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингтерінің талаптарын орындау бойынша жоспарлы жұмысты ұйымдастыру;

- университет қызметін реттейтін Министрліктің талаптарына, аккредиттеу стандарттарына, ИСО 9001 халықаралық стандартына сәйкес келетін ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді үйлестіру;

- сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуіне және білім беру қызметтерін тұтынушылардың қанағаттануына мониторинг жүргізу;

- университеттің сапа менеджменті жүйесін талдау үшін ішкі аудит жүргізу;

- бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын лицензиялау жөніндегі қызметті үйлестіру.

Департамент Басшысы– Тұрткараева Гүлнара Баянқызы

Байланыс – 8(7162) 255596, 255173, smk@shokan.edu.kz