Мектепке дейінгі білім беру (IP)
Білім беру бағдарламасының шифры

6B01202

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс

Оқу деңгейі

Бакалавриат

Оқу ұзақтығы

4 жыл

Бейіндік пәндер

Биология
География

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жалпы, педагогикалық және пәндік құзыреттіліктері бар, конструктивті үйлестіру және білім берудегі заманауи тенденциялар (тұлғалық-бағдарлы, пәнаралық, инклюзия және т.б.) негізінде кәсіби қызметті табысты жүзеге асыра алатын мектепке дейінгі тәрбиеші-педагогты дайындау

  • Қазақстан тарихы
  • Философия
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Мәдениеттану
  • Психология
  • Қазақ (орыс) тілі
  • Шет тілі
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Дене шынықтыру
  • Оқу (таныстыру) практикасы (Мұғалім кәсібіне кіріспе)
  • Психологиялық-педагогикалық практика (Психологиялық және педагогикалық бағалау)
  • Педагогикалық практика (Педагогикалық тәсілдер)
  • Өндірістік педагогикалық практика (Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар)
  • Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері
  • Инклюзивті білім беру ортасы
  • Зерттеулер, даму және инновациялар
  • Оқыту әдістері мен технологиялары
  • Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
  • Бағалау және дамыту
  • Педагогикалық зерттеулер
  • Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру
  • Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымының дамыту ортасының дизайны
  • Мектепке дейінгі педагогика
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті-сөйлеу қабілеттерін дамыту
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық-математикалық дамуы
  • Мектепке дейінгі білім берудегі менеджмент
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы мониторинг
  • Ерте балалық шақ педагогикасы және психологиясы
  • Мектепке дейінгі психология бойынша практикум
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы жобалық қызмет
  • Ерте және мектепке дейінгі балалық шақтың әлеуметтік-құқықтық қорғанысы
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасының әлеуметтік серіктестігі

  • Ғылыми зерттеулер әдістері
  • Кәсіпкерлік негіздері
  • Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
  • Экономика және құқық негіздері
  • Экология және өмір сүру қауіпсіздігі
  • Авторлық жүйелер және даму мен тәрбиелеу әдістері
  • Үйдегі білім беру және мектеп жасына дейінгі балалардың отбасылық тәрбиесі
  • Қазіргі мектепке дейінгі балалардың ойындары және ойын әрекеттері
  • Мектепке дейінгі білім беру сапасын кешенді бағалау құралдары
  • Мектепке дейінгі білім берудегі көшбасшылық
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиесі
  • Мектепке дейінгі шағын орталықтың әртүрлі жастағы топтардағы білім беру үдерісі
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымында бос уақытты ұйымдастыру
  • Геймификация негіздері
  • Нейропедагогика негіздері
  • Нутрициология негіздері
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың бастамасын қолдау
  • Мектепке дейінгі білім берудегі кәсіпкерлік әрекет
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың оқырмандық мәдениетін дамыту
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын субмәдениетін зерттеу бойынша семинар-практикум
  • Балалық шақтың материалдық мәдениетін (ойыншықтар) зерттеу бойынша семинар-практикум
  • Ерте жастағы сенсорлық тәрбие
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі әлеуметтік-эмоционалдық даму
  • Дене тәрбиесі және баланың қауіпсіздігі мәдениеті
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем-эстетикалық тәрбиесі
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың киберқауіпсіздігі негіздерімен балалық шақты цифрландыру
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі
  • Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық зерттеу этикасы

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық стандарттарына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілікте даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады
  • Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде конструктивті қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті болады
  • Жұмыс ортасын ұйымдастыра алады, саналы түрде халықаралық және ұлттық құжаттарға, ұлттық білім беру жүйесінің қағидаларына, заңдарына және ережелеріне сәйкес өз ұйымының қызметімен және көпсалалы ынтымақтастықпен өзара байланыста жұмыс жасауға қабілетті болады
  • Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға; өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде мектепке дейінгі білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті болады
  • Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады
  • Барлық балалар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз, кедергісіз заттық-кеңістіктік ортаны жобалауға қабілетті болады
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару дағдыларын, мектепке дейінгі тәрбиені дамытудағы менеджмент негіздері мен кәсіпкерлік дағдыларды меңгеріп ие болады
  • Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үдерісін жақсарту үшін мониторингті жүргізіп, нәтижелерін талдауға қабілетті болады
  • Сандық, инновациялық озық тәжірибелер мен мектепке дейінгі білім беру технологияларын қоса алғанда, әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып, балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетін жүзеге асыруға, бағалауға және дамытуға қабілетті болады
  • Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру туралы негізгі білімдері мен түсініктерін қолданады және олардың өмірлік мазмұнын ескере отырып, олардың психологиялық әл-ауқатына этикалық қолдау көрсете алады
  • Педагогикалық әдеп нормалары мен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, жергілікті, облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде мектепке дейінгі білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше және ұжымда жүргізуге қабілетті болады
  • Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықпен ынтымақтастықта бірлесіп жасалатын жұмыс аясында жағымды ортаны құру үшін эмоционалдық интеллект пен көшбасшылық дағдыларды дамытуға қабілетті болады