Филология:қазақ филологиясы
Білім беру бағдарламасының шифры

8D02301

Оқыту тілі

Қазақ

Оқу деңгейі

Докторантура

Оқу ұзақтығы

3 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын саралап, ғылымдағы этикалық принциптерді сақтай отырып, ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысатын, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайтын, әлемдік білім беру кеңістігіндегі еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттері қалыптасқан философия докторын (PhD) дайындау.

  • Академиялық хат
  • Ғылыми зерттеу әдістері

  • Қазіргі әлемдік әдеби үдеріс
  • Көркем антропология және шартты метафоралық проза
  • XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы қазақ филологиясының ғылыми басымдықтары
  • Қазақ филологиясы және инновациялық технологиялар
  • Аймақтық ономастиканың когнитивтік негізі

Оқыту нәтижелері және құзыреттер

  • Филологиялық білім эволюциясындағы ғылыми парадигмалардың трансформациялануы саралайды, ғылыми лингвистикалық мектептер дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайды, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады;
  • Әлемдік және Қазақстандық филология ғылымының қазіргі жағдайы, даму тенденциялары мен ғылыми бағыттарын сыни тұрғыдан бағалап, талдау жасайды, жаңа идеяларды ғылыми-зерттеу жұмысында ұсынады.
  • Ақпараттық кеңістіктегі қажетті теориялық мәліметті пайдаланып, тарихи, типологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде түп нұсқадағы әдебиеттерді талдап, еркін жұмыс істейді, өзіндік ғылыми көзқарасын нақты деректер негізінде қорғайды.
  • Жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтiк-экономикалық салдары туралы біліміне сүйеніп, тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, салыстырмалы лингвомәдениеттаным мәселелерін талдайды, жинақтаған білімін интеграциялайды.
  • Ғылыми таным кеңістігіндегі әдебиеттану мен тіл білімінің өзекті мәселелерін қарастырады, талдайды, ғылыми зерттеу жүргізеді, зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялайды.
  • Педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін жетілдіру мақсатында жоғары мектептегі оқу үдерісінің негізгі формаларын ұйымдастырады және жоспарлайды, оқыту жүйесіне тілді зерттеудің жаңа бағыттарының ықпалын бағалайды.
  • Ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен әдістемесін меңгеру арқылы заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын жобалайды, мектеп және ЖОО- да жаңа технологияларды пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнының аясында критериалды бағалау өлшемдерін қолдана отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырады және басқарады.
  • Ғылыми ортада іргелі және қолданбалы отандық, халықаралық жобаларға қатысады, халықаралық әдеби байланыстарды жоспарлайды, заманауи ақпараттық инновациялық технологияларды қолданады, ғылыми шетелдік тағлымдамада тәжірибе жинақтайды.
  • Әлемдік әдеби процестің даму тенденцияларына қатысты ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын нөлдік емес халықаралық сілтемелер базасындағы Thomson Reuters, Scopus импакт-факторлы журналдарда, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда, халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі ғылыми конференцияларда мақала түрінде жариялайды, академиялық адалдық әдебінің нормаларын ұстанады.
  • Еңбек нарығының сұранысына сәйкес, ашықтық, толеранттылық, ізгілік қасиеттерін иеленген көшбасшы, ғылыми зерттеуші және жоғары оқу орнында арнайы пәндердің оқытушысы даярланады