6B01601 «Тарих және дінтану»(Major)
Білім беру бағдарламасының шифры
6B01601
Оқыту тілі
Қазақ, Орыс
Оқу деңгейі
Бакалавриат
Оқу ұзақтығы
4 жыл
Бейіндік пәндер
Дүниежүзі тарихы
География
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
- Педагогикалық білім бакалавры алған білімдерін кәсіби қызметте дұрыс қолдана алатын және оқу процесін қазіргі ғылыми деңгейде ұйымдастыра алатын тарихи-дінтану Білім жүйесін қалыптастыру.
- Білім алушыларды жалпыадамзаттық және әлеуметтік-жеке құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм, діни төзімділік, толеранттылық рухында тәрбиелеу.
- Тарихи және дінтану білімдерінің әртүрлі салаларында ғылыми-зерттеу, жобалау, практикалық қызметке қатысу арқылы студент тұлғасының зияткерлік дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы; заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде мектеп стандарттарының талаптарын іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды меңгеру.
- Болашақ мұғалімдердің заманауи білім беру ортасына тиімді кірігуі үшін кәсіби-тұлғалық әлеуметтену дағдыларын жетілдіру (көшбасшылық, өзара қарым-қатынастарды басқару, командада жұмыс істеу және т.б.).
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Ежелгі дүние тарихы
- Бағалаудың өлшемдік технологиялары
- Дене шынықтыру
- Қазақстан тарихы
- Діни антропология
- Педагогикалық мамандыққа кіріспе
- Мәдениеттану
- Оқу тәжірибесі (мұрағат-мұражайлық)
- Саясаттану
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- Академиялық хат
- Шетел тілі
- Оқу тәжірибесі (археологиялық)
- Өндірістік педагогикалық практика
- Педагогикалық тәжірибе (үздіксіз)
- диплом алды тәжірибесі
- Археология
- Әлеуметтану
- Білім беру менеджменті және цифрландыру
- Деструктивті және тоталитарлы ағымдар
- Дін әлеуметтануы
- Дінтануды оқыту әдістемесі
- Инклюзивті білім беру
- Қазақ тілі/орыс тілі
- Алғашқы қауым тарихы
- Оқушылардың физиологиялық дамуы
- Музейтану және архивтану
- Педагогика
- Психология
- Тарихты оқыту әдістемесі
- Түркі халықтарының тарихы
- Философия
- Этнология
- Дүниежүзі тарихының тарихнамасы және деректануы
- Әлемдік діндер тарихы
- Дін психологиясы
- Еуропадағы реформаторлық қозғалысы
- Қосалқы тарихи пәндер
- Қазақстан мен Орталық Азияның жаңа және қазіргі заман тарихы
- Қазақ халқының мәдениеті және ислам құндылықтары
- Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы
- Мемлекеттік басқарудың тарихы
- Орта ғасырлардағы Азия мен Африка елдерінің тарихы
- Тарихи география
- ТМД тарихы мен мәдениеті
- Христиандық теология
- Шығыс елдерінің орта ғасырлар тарихы
- Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі кезеңдегі өркениеті
- Экология және тұрақты даму
- Ислам дінтану тарихы
- Әлемдік өркениеттер тарихы
- Діни мәдениет негіздері
- Қазақстан халқының діни мәдениеті
- Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырлық тарихы
- Орта Азия және Қазақстан халықтарының этнографиясы
- Орта ғасырдағы батыс мемлекеттерінің өркениеті
- Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
- Тіршілік қауіпсіздік негіздері
- Халықаралық қатынастар тарихы
- Шоқантану
- Экономика және кәсіпкерлік негіздері
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
- Азия мен Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы
- Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
- Ой-өрісі кең, ойлау мәдениеті жоғары, толеранттылық пен гуманизммен үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндер саласындағы базалық білімдерін көрсету;
- Одан әрі өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру, іскерлік байланыстарды, кәсіби қарым-қатынасты, ұлтаралық қарым-қатынасты іске асыру үшін мемлекеттік және шет тілдерінде коммуникативтік дағдыларды қолдану;
- Білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін (БЖБ, ТЖБ) енгізу мәнмәтінінде мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін цифрлық білім беру технологиялары саласындағы білімді практикада қолдану;
- Оқу-тәрбие процесін, оның ішінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін гуманистік дүниетаным негізінде өзінің азаматтық ұстанымын қорғауда көшбасшылық қасиеттерді көрсету;
- Тарихи ескерткіштер мен дереккөздердің әртүрлі санаттары негізінде адамзат қоғамының ерте даму кезеңдерін, жекелеген құбылыстарды, күнделікті қызметті және т. б. қайта құру үшін тарихи оқиғаларды сыни бағалау; әртүрлі өркениеттердің белгілерін салыстыру және ажырату; әлеуметтік және саяси құрылымның әртүрлі формалары, тұлғаның тарихтағы рөлі туралы білімдерін көрсету;
- Қазақ және түркі халықтарының тарихын, мәдениеті мен дінін дүниежүзілік тарих пен жалпы әлемдік өркениеттің бір бөлігі ретінде бағалау; алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында, археологиялық, этнографиялық экспедициялардың қызметінде патриотизм мен әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру үшін қолдану;
- Тарихи зерттеулерде тарихи процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтау және тарихи тұлғалардың қызметін объективті бағалау үшін Еуропа мен Америка, Азия және Африка елдерінің тарихы саласындағы базалық білімді пайдалану; тарихи дереккөздерді оларды практикалық пайдалану үшін сыныптау;
- Әлемдік діндер тарихы бойынша білімді қоғамның діни жай-күйін оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде талдау және білім алушылардың толеранттылығы мен діни шыдамдылығын қалыптастыру үшін пайдалану
- ТМД тарихы мен мәдениеті, әлемдік саяси дамудың қазіргі заманғы үрдістері бойынша білімдерін көрсету; діни факторларды ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік проблемалары бойынша ТМД мен халықаралық қоғамдастықтың ұстанымдарын талдау;
- ҚР білім берудің жаңартылған мазмұнын және критериалды бағалау жүйесін ескере отырып, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану; кәсіби қызметтің жеке стилін қалыптастыру үшін заманауи білім беру үрдістеріне сәйкес бірегей оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу; кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне психофизикалық дайындық және өзін-өзі дайындау үшін дене шынықтырудың әртүрлі құралдарын пайдалану.