Медицина (профильное)
Білім беру бағдарламасының шифры
7M10101
Оқыту тілі
Қазақ, Орыс
Оқу деңгейі
Магистратура
Оқу ұзақтығы
1 жыл
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
«Медицина» білім беру бағдарламасы аясында Қазақстанда еңбек нарығының талаптарына сәйкес медициналық қызметтерді көрсету бойынша кәсіби және практикалық қызмет құзыреттері бар бәсекеге қабілетті, білікті кадрларды даярлау
- Шетел тілі (Кәсіби)
- Менеджмент
- Басқару психологиясы
- Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару
- Клиникалық эпидемиология және дәлелді медицина
- Қазіргі заманғы клиникалық зерттеу әдістері
- Клиникалық-диагностикалық зертханалық диагностика
- Іш қуысы мүшелерінің жедел хирургиялық ауруларының өзекті мәселелері
- Кеуде хирургиясындағы емдеу мәселелері
- Зертханалық зерттеу әдістерін түсіндіру
- Биомедицинаның өзекті мәселелері
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
- Медицина саласындағы зерттеулердің пәнаралық сипатын түсінуі мен білімін көрсетеді.
- Практикалық денсаулық сақтау және клиникалық медицина саласындағы кәсіби ғылыми-зерттеу қызметінде қолданбалы сипаттағы жаңа білім мен дағдыларды меңгере алады.
- Өз біліктілігі шегінде ғылыми көзқарастарға негізделген медицина саласындағы мәселелерді шешеді.
- Клиникалық шешімдер қабылдау және өзінің мамандануы шеңберінде жаңа әдістерді енгізу үшін ғылыми деректерді қолданады.
- Білікті және біліктілігі жоқ медицина мамандарына ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді дәл және анық жеткізеді.
- Ғылым мен практиканың қазіргі жетістіктеріне сүйене отырып, медицина саласындағы өз спецификациясы бойынша кәсіби қызметті ұйымдастырады.
- Кәсіби өсуіне жұмыс жасайды, практикалық қызметте рефлексия дағдыларын көрсетеді.
- Кәсіби ортада талқылау кезінде ғылыми зерттеулерде жинақталған ақпаратты қорытындылай алады.