«Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымы мен білім беру саласында инновациялық технологияларды қолдануға және дамытуға қабілетті және медициналық қызметтерді көрсетуде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
7М10102 «Емдеу ісі» білім беру бағдарламасы бойынша тереңдетілген кәсіби дайындығы бар, медицинаның кәсіби саласының тез өзгеретін жағдайларына құзыреттілік және ғылыми-шығармашылық бастаманы үздіксіз жетілдіру арқылы бейімделе алатын білікті, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлау.
- Медицина саласындағы зерттеулердің салааралық сипатын түсіну мен білуді көрсетеді.
- Медицина саласындағы кәсіби зерттеу және педагогикалық қызметте практикалық сипаттағы жаңа білім мен дағдыларды алуға қабілетті.
- Мамандандырылған медициналық көмек көрсету стратегиясын, аурулардың алдын алу стратегиясын, денсаулық сақтауды басқару және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымын айқындайды.
- Медицина саласын дамыту және өзінің мамандануы шеңберінде жаңа әдістерді енгізу мақсатында ғылыми деректерді қолданады.
- Медицинаның мамандандыру саласындағы кәсіпқойлар да кәсіпқой емес мамандардың идеяларын, ақпаратын, проблемаларын және олардың шешімдерін, қорытындыларын нақты және түсінікті ұсынады.
- Ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, медицина саласындағы өзінің спецификациясы саласында кәсіби қызметті ұйымдастырады.
- Өзінің кәсіби өсуі бойынша жұмыс істейді, рефлексия дағдыларын, жоғары білім деңгейінде оқыту тәжірибесін көрсетеді.
- Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ғылыми мақалада және диссертацияда жалпылайды.