«Медицина» білім беру бағдарламасы аясында Қазақстанда еңбек нарығының талаптарына сәйкес медициналық қызметтерді көрсету бойынша кәсіби және практикалық қызмет құзыреттері бар бәсекеге қабілетті, білікті кадрларды даярлау
денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтары бойынша терең сараптамалық, талдамалық зерттеулер жүргізуге және тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті заманауи клиникалық зерттеулер дағдыларын меңгерген магистрлерді даярлау.
- Медицина саласындағы зерттеулердің пәнаралық сипатын түсінуі мен білімін көрсетеді.
- Практикалық денсаулық сақтау және клиникалық медицина саласындағы кәсіби ғылыми-зерттеу қызметінде қолданбалы сипаттағы жаңа білім мен дағдыларды меңгере алады.
- Өз біліктілігі шегінде ғылыми көзқарастарға негізделген медицина саласындағы мәселелерді шешеді.
- Клиникалық шешімдер қабылдау және өзінің мамандануы шеңберінде жаңа әдістерді енгізу үшін ғылыми деректерді қолданады.
- Білікті және біліктілігі жоқ медицина мамандарына ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді дәл және анық жеткізеді.
- Ғылым мен практиканың қазіргі жетістіктеріне сүйене отырып, медицина саласындағы өз спецификациясы бойынша кәсіби қызметті ұйымдастырады.
- Кәсіби өсуіне жұмыс жасайды, практикалық қызметте рефлексия дағдыларын көрсетеді.
- Кәсіби ортада талқылау кезінде ғылыми зерттеулерде жинақталған ақпаратты қорытындылай алады.