Туризм
Білім беру бағдарламасының шифры
6B11102
Оқыту тілі
Қазақ, Орыс
Оқу деңгейі
Бакалавриат
Оқу ұзақтығы
4 жыл
Бейіндік пәндер
География
Шет тілі
Білім беру бағдарламасының мақсаттары
Туризм саласында қазіргі заманғы түйінді және кәсіби құзыреттерге ие, еңбек нарығында қызметті жүзеге асыруға қабілетті және туризм индустриясында дербес әлеуметтік-бағдарланған, инновациялық және жобалық қызметке дайын бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау.
- Қазақстанның туризм географиясы
- Туризмология негіздері
- Туризмдегі менеджмент
- Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
- Туризм тарихы
- Туризмдегі маркетинг
- Экскурсиятану
- MICE туризм
- Туризм саласындағы инфрақұрылым
- Туризмдегі персоналды басқару
- Туристік саясат
- Шет тілі
- Қазақ (орыс) тілі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Мәдениеттану
- Психология
- Дене шынықтыру
- Қазақстан тарихы
- Оқу тәжірибесі
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Философия
- Бизнес ағылшын
- Өндірістік тәжірибе
- Академиялық жазу
- Дипломалды тәжірибесі
- Қонақжайлылық индустриясының негіздері
- Туризмнің дәстүрлі емес түрлері
- Туризм және өлкетану
- Туристік аймақтану
- Балалар мен жасөспірімдер туризмі
- Спорттық бағдарлау және туристік құрал - жабдықтар
- Туризмдегі брендинг және PR
- Туризмдегі имиджеология
- Іскерлік қарым-қатынас психологиясы
- Туризм саласындағы анимациялық қызмет
- Туризмдегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері
- Туризм макроэкономикасы
- Туризмде тамақтануды ұйымдастыру
- Туристік рестораторлықтың теориясы мен практикасы
- Туризмдегі көліктік қызмет көрсету
- Туризмдегі қауіпсіздік
- Гастрономиялық туризм
- Халықаралық туризм географиясы
- Әлемнің рекреациялық кешендері
- Статистика, талдау және туризмді дамыту стратегиялары
- Халықаралық брондау және резервтеу жүйелері
- Оқиғалық туризм
- Туристік кластер және тұрақты туризмді дамыту
- Санаторлық-курорттық туризм
- Халықаралық туризмді ұйымдастыру
- Туристік елтану
- Қазақстандағы тарихи-мәдени туризм
- Туроперейтинг
- Туристік формалдылықтар
- Экология және тұрақты даму
- Экономика және кәсіпкерлік негіздері
- Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
- Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
- Ғылыми зерттеулердің негіздері
- Шокантану
- Қаржылық сауаттылық негіздері
Оқыту нәтижелері және құзыреттер
- Тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынаста көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді және мемлекеттік және шет тілдерінде коммуникативтік дағдыларды пайдаланады.
- Ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау үшін IT-технологияларды пайдаланады, туризм және қонақжайлылық индустриясы саласында бірегей өнімді әзірлеу мақсатында ғылыми ақпаратты таңдай алады.
- Туризм саласы кәсіпорындарының халықаралық стандарттарына сәйкес туристерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша білімдерін іс жүзінде қолданады.
- Туризмнің қазіргі түрлері мен әртүрлігінің жай-күйін объективті бағалау үшін сыни ойлау дағдыларын меңгерген.
- Академиялық адалдық қағидаттарын түсінумен үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін экологиялық мәдениет, қауіпсіздік, экономика, құқықтық нормалар, әлеуметтік-мәдени және тарихи-өлкетану ағарту саласындағы білімді қалыптастырады
- Туризм саласындағы нормативтік-құқықтық базаны пайдалана отырып, әлемнің және Қазақстанның туристік нарығының жағдайына кешенді талдау, туристік-рекреациялық әлеуетті бағалау жүргізеді;
- Заманауи талаптарға сәйкес туризм индустриясының, қонақ үй бизнесінің және курорт ісінің даму ерекшеліктерін талдайды.
- Ғылыми маркетинг қағидаттарын, туризм индустриясындағы кәсіпкерлік және персоналды басқару негіздерін ескере отырып, туристік кәсіпорын жұмысының стратегиясы мен тактикасын айқындайды.