2026 жылғы 20 тамызда Ualikhanov University-дің DIANA жобасы бойынша жұмыс тобы Көкшетау қаласында ұйымдастырылған «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне қатысты. Іс-шара Ақмола облысының әртүрлі аудандарынан келген 50-ден астам өндірушінің басын қосты.
Көрме өңірдегі жергілікті кәсіпкерлік бастамалармен және отандық шикізат негізінде шығарылатын өнімдермен танысуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды. Көрмеге азық-түлік өнімдері, қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер, табиғи материалдардан жасалған әшекейлер, жиһаз, интерьер бұйымдары және ауылдық әрі қалалық кәсіпкерлердің басқа да өнімдері қойылды. Байқаудың басты талаптарының бірі – өнім өндіруде қазақстандық шикізатты пайдалану.
DIANA жобасының жұмыс тобы үшін ауылдық жерлерде өз кәсібін жүргізіп отырған әйелдермен кездесіп, олардың бизнесті бастау және дамыту тәжірибесімен танысу аса маңызды болды.
Кәсіпкер әйелдермен тікелей қарым-қатынас орнату DIANA жобасының мақсаттарымен тығыз байланысты. Жобаның негізгі бағыттарының бірі – ауылдық жерлердегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Мұндай кездесулер кәсіпкер әйелдердің нақты қажеттіліктерін анықтауға, бизнесті дамыту барысында кездесетін кедергілерді түсінуге, сондай-ақ олардың кәсіби және кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіру, өнімдерін нарықта ілгерілету және бизнесті кеңейту мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, «Бір ауыл – бір өнім» бастамасы жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану мен өңірлік кәсіпкерлікті дамытудың зор әлеуетін көрсетті.
DIANA командасы үшін көрмеге қатысу Ақмола облысының ауылдық жерлеріндегі әйелдер кәсіпкерлігінің нақты тәжірибесімен танысуға және кәсіпкер әйелдермен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Жинақталған тәжірибе мен қалыптасқан байланыстар алдағы уақытта DIANA жобасы аясында кәсіпкерлік құзыреттерді дамытуға және ауылдық жерлердегі әйелдерді қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда пайдаланылатын болады.