2026 жылғы 18 қыркүйекте НАО «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің» төрт ғимаратына экологиялық сертификаттарды табыстауға арналған салтанатты рәсім аясында 101129169 “Development of innovative curricula and modules in Circular Economy and Sustainable Development” (CirculEC) және 101177914 “Bridging Environmental Concerns, Societal Needs and Good Governance in Central Asian Education and Employment Sectors” (ESGCA) Erasmus+ жобаларының нәтижелерін тарату бойынша іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында жобалардың жұмыс тобының мүшелері Құрманбаева Айгүл Сапарбекқызы және Баязитова Зульфия Ерзатқызы қатысушыларға жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат ұсынып, олардың мақсаттары, негізгі міндеттері, қызмет бағыттары және қол жеткізілген нәтижелері туралы жан-жақты таныстырды.

Диссеминацияның университет ғимараттарын экологиялық сертификаттауға арналған іс-шара аясында өткізілуі іске асырылып жатқан Erasmus+ жобаларының тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және «жасыл» білім беру инфрақұрылымын дамыту қағидаттарымен байланысын көрсетуге мүмкіндік берді. Университеттің төрт ғимаратының экологиялық сертификаттаудан өтуі де энергия тиімділігін, экологиялық тұрақтылықты және білім беру ортасының сапасын арттыруға бағытталған.

Іске асырылып жатқан бастамалар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда, ТДМ 4 «Сапалы білім беру», ТДМ 7 «Қолжетімді және таза энергия», ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» және ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсаттарына сәйкес келеді. Осылайша, университеттің Erasmus+ жобалары және ғимараттарды экологиялық сертификаттау шеңберіндегі қызметі тұрақты білім беру ортасын қалыптастыруға, экологиялық хабардарлықты арттыруға және университет инфрақұрылымына «жасыл» даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеді.