2018 жылғы 27-31 тамыз аралығында Қазақстанның оқытушылары – Бекманова Г.Т. (Л.Гумилева атындағы ЕҰУ), Мурадилова Г.С. (Ш.Уәлиханов атындағы КМУ), Актаева А.У. (KУAM), LMPI жоба аясында өткізілген «Professionnalisation des enseignants aux fonctions de tuteurs sur le cyberespace didactique» тренингінгісінде ҚО бойынша UNINETTUNO университетінде (Rome, Italy) біліктілігін арттырды.

Тренингтің негізгі мақсаты UNINETTUNO университетінде қолданылатын қашықтықтан оқыту технологияларымен, бейне ресурстарын әзірлеу әдістерімен таныстыру болды. Тренинг барысында оқытушылар UNINETTUNO университетінің дидактикалық киберкеңістігімен танысты, жоба бойынша жұмыс мәселелерін талқылады, UNINETTUNO университетінің бейне студиясында дәрістердің бейнежазбалары жасалды.