Erasmus+ lmqs no жобасының № 1 халықаралық басқару тобының (GPI) кездесуі. 618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP "Ресейде, Қазақстанда және Әзірбайжанда ашық және қашықтықтан оқыту шеңберінде денсаулық сақтаудағы стратегиялық менеджмент және тәуекелдерді басқару саласында бакалавриат пен магистратураны кәсібилендіру"

7-8 сәуірде № 1 GPI халықаралық басқару тобының жоба серіктестерімен онлайн кездесуі өтті.

Кездесу Еуропалық Комиссияның Білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Атқарушы агенттігінің, Әзірбайжанның Эрасмус+ Ұлттық кеңсесінің, Қазақстанның Эрасмус+ Ұлттық кеңсесінің, Ресейдің Эрасмус+ Ұлттық кеңсесінің қатысуымен өтті.

Бағдарламаның модераторлары Panayotis YANNAKOPOULOS (Греция), Jean Noel PACHOUD (Греция) мырзалары болды.

Кездесу барысында серіктестер өздерінің университеттері мен жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларын ұсынды.

ЕО референт-университеттері сапаны стратегиялық басқару және денсаулық сақтаудағы тәуекелдерді басқару саласында кадрлар мен педагогикалық ресурстарды даярлау бойынша өздерінің ұсыныстары туралы айтып берді. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту платформаларын көрсетті.