2017 жылғы 27-28 ақпан аралығында Вроцлавтағы жаратылыстану ғылымдары университетінде (Вроцлав қ., Польша) 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SPPAWER "Аймақаралық ұтқырлыққа және қол жетімділіктің сәйкестігін, сапасы мен теңдігін қамтамасыз етуге жол ашу" жобасы аясында бірінші үйлестіру Кick-off кездесуі өтті. Бұл кездесуге Италия, Болгария, Польша және Ұлыбритания университеттері, сондай-ақ 4 түрлі аймаққа (ОА, Ресей, Кавказ және Азия) жататын 8 елдің серіктес университеттері қатысты.


Бірінші күні ресми ашылуда Вроцлавтағы жаратылыстану ғылымдары университетінің өкілі құттықтау сөз сөйледі. Бас үйлестіруші Анна Тоцци ханым POWER жобасының мақсаттары, міндеттері мен жұмыс пакеттері туралы презентация жасады. Әр серіктес елдің Ұлттық үйлестірушілері ұтқырлық пен тану туралы ұлттық және институционалдық деңгейдегі презентация жасады. Сессия жұмыс пакеттерін талқылаумен аяқталды.


Екінші күні POWER жобасының қаржы менеджері Марко Калабрез сөз сөйледі. Ол бағдарламаның қаржылық ережелерін нақтылау мақсатында барлық қаржылық басшылық пен есептілікті егжей-тегжейлі түсіндірді. Kick-off кездесуінің барлық қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар табысталды.