2018 жылғы 6 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER "Аймақаралық ұтқырлыққа және қол жетімділіктің сәйкестігін, сапасы мен теңдігін қамтамасыз етуге жол ашу" жоба аясында Ұлыбританияда, Польшада, Венгрияда өткен халықаралық оқыту тренингтерінің қорытындысы бойынша оқыту семинарын өткізілді. Аталған тренингтер барысында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ қызметкерлері кредиттік ұтқырлық және ECTS мәселелері бойынша оқудан өтті. Осыған байланысты семинар барысында оқытылған қызметкерлер академиялық ұтқырлық, оқыту траекториясы, ECTS қайта есептеу, оқу жетістіктерін бағалау мәселелерімен (факультеттер мен мамандықтардың эдвайзерлері, факультеттер бойынша ECTS үйлестірушілері, оқытушылар) айналысатын ЖОО қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісті. Келесі тақырыптар талқыланды: ECTS кредиттеі мен бағаларын тану және аудару; студенттердің ұтқырлығын қолдайтын әкімшілік құрылым; академиялық ұтқырлық нәтижелерін тану процедурасы.


Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.