2017 жылғы 10-19 қараша аралығында вроцлавтағы (Вроцлав қ., Польша) жаратылыстану ғылымдары университетінде 574099-EPP-1-2016-1-ITEPPKA2-CBHE-SP PAWER "Аймақаралық ұтқырлыққа және қол жетімділіктің сәйкестігін, сапасы мен теңдігін қамтамасыз етуге жол ашу" жобасы аясында оқыту семинар-тренингі өтті. Жобаның үйлестірушісі - Италияның Лаквила университеті.


Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-ден семинар тренингке Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Навий Лиза қатысты.


"Кредиттерді бөлу және жіктеу жүйелерін тану және беру" семинарында келесі мәселелер қаралды: ЕО (Ұлыбритания, Польша, Венгрия, Италия), Орталық Азия (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) елдерін оқыту жүйесі. Кавказ (Әзірбайжан, Грузия), Моңғолия және Ресей; Болон процесінің циклі, ECTS кредиттерді қайта есептеу, жоғары оқу орындарының академиялық ұтқырлығы саясаты.


Семинар-тренингтің барлық қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар табысталды.