EU ERASMUS +/KA2/CBHE SARUD "Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту" жобасы аясында 2016 жылғы 29 ақпан – 2 наурыз аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Астана қ.) Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарымен және Хоенхайм университетінен (Германия) жобаның бас үйлестірушісімен алғашқы үйлестіру кездесуі өтті. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен Бермағанбетова Ләззат - жергілікті үйлестіруші, Нұрмұханбетова Нұргүл – оқу үйлестірушісі және Әнуарбек Какабаев - SARUD жобасының сарапшысы қатысты.


Кездесудің бірінші күні Хоэнхайм университетінің бас үйлестірушісі Анна Войтенко семинардың мақсаттары, жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып, EU ERASMUS +/KA2/CBHE SARUD жобасы бойынша іс-шараларға толық шолу жасады. Әрі қарай әрбір серіктес жоғары оқу орны жергілікті жұмыс тобын, жобамен байланысты құзыреттерді, жоба бойынша жұмыс түрлерін және білім беру бағдарламасының мысалдарын таныстырды. Ел үйлестірушісі Надежда Мелешенко Қазақстандағы білім беру стандарттарын әзірлеу туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесу барысында Анна Войтенко серіктес жоғары оқу орындарымен бірлесіп жоба бойынша алдағы іс-қимылдарды талқылады. Пікірталас барысында жоба тұрақты Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту шеңберінде "Экономика" және "Агрономия" бағыттары бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын жаңартуға бағытталатыны талқыланды.


Үйлестіру кездесуінің екінші күні Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Тасболатованың қатысуымен өтті. Бас үйлестіруші Анна Войтенко SARUD жобасының қызметіне шолу және білім беру бағдарламасының сипаттамасы бойынша бірінші күннің мәнін қысқаша баяндады. К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің қызметкері Александр Мерзлов скайп бойынша SARUD жобасының магистрлік білім беру бағдарламасының болжамды мазмұнына шолу жасады. Түстен кейін Чехияның жаратылыстану ғылымдары университетінің өкілі Михал Лоштак Skype-та жағдайды талдау және жұмыс берушілердің талаптарын анықтау бойынша семинар өткізді. Әрі қарай, серіктестердің әрқайсысы ЖОО орналасқан аймақтағы жағдайды талдау бойынша презентациялар ұсынды. Кездесу соңында серіктес ЖОО-лар бас үйлестірушімен бірлесіп, кездесуді қорытындылады және Ресейдің Омбы қаласында өтетін алғашқы жобалық кездесуге дейін орындалуы тиіс міндеттерді белгіледі.


Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Тасболатованың, Хоенхайм университетінен бас үйлестіруші Анна Войтенконың және серіктес ЖОО шешімі бойынша(С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) 2016 жылғы 2 наурызда SARUD жобасына мониторинг жүргізу ұсынылды. Мониторинг барысында жоба дизайнының өзектілігі мен сапасы, іске асырудың тиімділігі, ағымдағы сәттегі нәтижелілік мәселелері қамтылды және жобаның тұрақты даму әлеуеті айқындалды. Жоғары оқу орындары қатысушыларының әрқайсысы үйлестірушіге өз нәтижелерін ұсынды және жобадағы өз рөлін негіздеді. Мониторинг қорытындысы бойынша Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Шайзада Өмірзаққызы мониторингтің барлық қатысушылары назарына алған өз пікірлері мен ескертулерін айтып, жобаның дамуына қатысты өз үміттері туралы айтып өтті.