2024 жыл 14-15 мамыр айында "Bolashaq Sarayi"-ында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті білім алушылар арасында "AntiParaCraft" Бірінші республикалық квест-ойынының финалын өткізеді.

Финалдың салтанатты ашылуында Ш. Уәлиханов атындағы КУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ардақ Қапышев құттықтау сөз сөйледі. Ардақ Қайыржанұлы өз сөзінде қатысушылардың назарын тек бірлескен күш-жігермен ғана Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты өзгерістерге, қол жеткізе алатынымызға және әділдік, адалдық және жауапкершілік қағидаларға негізделген қоғам құра алатынымызға көңіл аударды.

Естеріңізге сала кетейік, Ualikhanov university 2021 жылдан бастап "AntiParaCraft" сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік квест-ойыны"авторлық жобасын іске асыруда. Жобаны біздің университет Қазақстанда ең алғаш рет жүзеге асырды және 4 жыл ішінде квест тәжірибесі республиканың басқа оқу орындарына таратылуда. Бүгінгі таңда бұл білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылатын көпшілікке белгілі студенттік ойын.

Сондай-ақ, Ualikhanov university идеясы авторының құқығында "AntiParaCraft" Бірінші республикалық квест-ойынын ұйымдастыру кезінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жан-жақты әдістемелік қолдау көрсетті.