2026 жылғы 2–3 мамыр күндері Әзербайжанның Баку қаласында «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті
2026 жылғы 2–3 мамыр күндері Әзербайжанның Баку қаласында «Study in Kazakhstan» халықаралық білім беру көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қатысты.
Іс-шара талапкерлерге, студенттерге, ата-аналарға, білім беру агенттіктеріне, сондай-ақ Әзербайжан университеттерінің өкілдеріне арналды. Көрмеге Қазақстанның 20-дан астам жоғары оқу орны қатысты. Көрменің ресми ашылуын Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел мырза өткізді.
Көрме қорытындысы бойынша Уалиханов университеті бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді:
— жаңа білім беру агенттіктерімен серіктестік байланыстар орнатылды;
— Әзербайжан жоғары оқу орындарымен 2026 жылдың күзінен бастап студенттер алмасу бағдарламаларын қоса өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды;
— жаңа серіктестермен байланыстар нығайтылды.
Келісімдер аясында Баку Еуразия Университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 5 студентті қабылдауға дайын екенін білдірді.
- Құрметті студенттер! Академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен халықаралық мүмкіндіктер туралы қосымша ақпарат алу үшін университеттің халықаралық бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.