Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бизнес-инкубаторы технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру бойынша Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің конкурсына қатысуға өтінімдер беруді жоспарлайтын инновациялық жобаларға арналған жеке және топтық инкубациялық бағдарламалардың іске қосылғаны туралы хабарлайды.Гранттың ең жоғары сомасы - 20 млн. теңге.

Инкубациялық бағдарламаға Қазақстанның кез келген өңірінен экономиканың түрлі секторларының жобалары қатыса алады.Инкубациялық бағдарламаның спикерлері кәсіби жаттықтырушылар, бизнес-жаттықтырушылар болып табылады. Командада стартап-жобалардың негізін қалаушы, бизнес-талдаушы, маркетолог бар.Бағдарлама 30 сағатқа есептелген және онлайн режимінде қарқынды форматта іске асырылатын болады. Оқыту іс-шаралары кешкі уақытта және келісілген жеке кесте бойынша өткізіледі.

Барлық сұрақтарға жауапты 87011759531 телефоны арқылы алуға болады.