28 - 29 қазанда «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшелері университетке жұмыс сапарымен келді. Сапар бағдарламасы аясында Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, С. Сәдуақасов атындағы агротехникалық институттың, Бизнес және құқық жоғары мектебінің, Педагогикалық институттың ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесулерге Директорлар кеңесінің төрағасы Найман Бубейұлы Қалабаев және Директорлар кеңесінің мүшесі, Стратегия, кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің төрағасы Темірхан Анапияұлы Толқынбаев қатысты.
Институттар мен жоғары мектеп басшылығымен, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамымен өткен кездесулерде құрылымдық бөлімшелердің даму жоспарлары, қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды.
Әсіресе білім беру процесін жетілдіру, стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізу, ғылыми әлеуетті арттыру және кадрлық құрамды нығайту мәселелеріне баса назар аударылды. Қатысушылар университеттің стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, құрылымдық бөлімшелердің даму перспективалары мен өзекті міндеттерді шешу жолдары жөнінде пікір алмасты.
Жұмыс сапары барысында Директорлар кеңесінің мүшелері университеттің жаңа зертханаларымен және заманауи жабдықтарымен танысты. Бұл инфрақұрылым студенттердің практикалық даярлығын жетілдіруге және ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Кездесулер Директорлар кеңесінің мүшелері, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен академиялық ұжымдар арасындағы ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді. Мұндай өзара іс-қимыл бөлімшелердің өзекті қажеттіліктерін анықтауға, олардың даму перспективаларын талқылауға және ортақ міндеттерді шешудің тиімді жолдарын қарастыруға ықпал етеді.
Директорлар кеңесі мен университет ұжымы арасындағы ашық диалог пен сындарлы ынтымақтастық Ualikhanov University-дің одан әрі дамуына, білім беру сапасын арттыруға және ғылыми-білім беру әлеуетін нығайтуға негіз болады.