Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстандағы тоқ ішек ауруларының клиникалық-диагностикалық және морфологиялық детерминанттары: инновациялық тәсілдер мен шешімдер» (ИРН AP23484165) ғылыми жобасы бойынша кезекті ғылыми мақала әлемдегі жетекші Q1 деңгейіндегі халықаралық журналдардың бірі - Frontiers in Oncology басылымында жарық көрді. Жоба Ualikhanov University базасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Игісін Нұрбек Сағынбекұлының жетекшілігімен жүзеге асырылуда.

*“Spatial patterns, temporal trends, and age-period-cohort effects of colon cancer incidence in Kazakhstan, 2005-2024”* атты мақалада Қазақстандағы 2005-2024 жылдар аралығындағы тоқ ішек қатерлі ісігінің таралуының кеңістіктік заңдылықтары, уақыттық трендтері және жас-кезеңдік ерекшеліктері зерттелген.

Зерттеу барысында ұлттық популяциялық деректер мен заманауи эпидемиологиялық талдау әдістері қолданылды. Атап айтқанда, Joinpoint-регрессиялық талдау, геоақпараттық картографиялау, кеңістіктік кластерлік талдау (Getis–Ord Gi) және Age–Period–Cohort модельдеу әдістері пайдаланылды. Кешенді ғылыми тәсіл аурудың таралу динамикасын бағалаумен қатар, еліміз өңірлеріндегі эпидемиологиялық ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Q1 деңгейіндегі халықаралық журналда жариялану - Ualikhanov University базасында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жоғары халықаралық деңгейін көрсетіп, қазақстандық ғалымдардың заманауи онкоэпидемиология мен дәлелді медицина саласына қосқан үлесін айқындайды.

AP23484165 жобасы Қазақстандағы тоқ ішек ауруларының клиникалық-диагностикалық және морфологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған инновациялық ғылыми тәсілдерді дамытуға бағытталған.

Зерттеу нәтижелерімен толығырақ мына сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://www.frontiersin.org/.../fonc.2026.1732883/full...