«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ Ақмола облысының білім басқармасының жалпы білім беру мекемелерінің 9-10 сынып оқушыларының арасында 2024 жылғы 14 ақпаннан бастап «Кітапқұмар» сайысы өткізіліп жатыр.

​​Сайыстың мақсаты оқушылардың оқу және ақпараттық сауаттылық деңгейін арттыру, өңірдегі мектеп ‒ ЖОО өзара әрекеттесуін дамыту болып табылады.

​«Кітапқұмар» сайысы екі кезеңді қамтыды. 1-кезеңде оқушылар Буктрейлер ‒ қазақ тілдеріндегі кез келген кітап туралы баяндайтын бейнероликтер байқауы. 1-кезеңге Ақмола облысы бойынша 20-дан астам мектеп қатысты. https://youtube.com/playlist...және олардың ішінде мазмұнды, көрсетілім көп жинаған бес мектеп таңдалып, квест ойынына шақырту алды.

Квест алты кезеңнен тұрды. Квест қорытындысы бойынша 1-ші орын ‒ «Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары Дәлелхан Аллаберген, Гиминқызы Жанерке. Жетекшісі – Хуаныш Гулдарига.2-ші орын ‒ «Красный Яр ауылының 1 жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары Кенжеболат Арай, Оралбек Дария. Жетекшісі – Мукажанова Майра Калиевна. 3-ші орын ‒ Зеренді ауылы «М.Ғабдуллин атындағы мектеп- гимназиясы» КММ оқушылары Ускембаева Аймжан, Мейрамова Вера, Төлеген Алтын. Жетекшісі – Тулебаева Бибигуль Умурзаковна иеленді

.«Шағалалы ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқушыларыТалғат Аружан, Калиева Айару, Бельгумбаева Толғанай, жетекшісі – Ратай Айнур «Үздік оқырман» номинациясын; Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының оқушылары Сакенова Алина, Хамет Ақбота, Бейсенбек Еңлік, жетекшісі – Шаттық Каналбекқызы «Креативті топ» номинациясын иеленді.

​Сайысқа демеуші болған "First Heartland Jusan Bank" акционерлік қоғамы Ақмола облысы филиалына, Көкшетау қ. «Центр Кредит» банк филиалына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына алғысымызды білдіреміз.​

Оқушылардың жетістіктерін бағалаған әділқазылар төрайымы Абиева Камила Қойшыбайқызы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, филология бөлімінің меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі. Әділқазы мүшелері: Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Саматова Жаңыл Махфозовна, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының лекторы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, “Филология” білім беру бағдарламасының PhD докторанты Абылқасов Ғарифолла Жұмабекович.

​Квест ойынын ұйымдастыру алқасы мен эксперттер: ф.ғ.к. Шаяхимов Даулет Қуандықұлы; PhD докторы Искакова Гүлгүл Жеңісқызы, магистрант Зейнелқабден Ұлан Батырханұлы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!