Ualikhanov University ғылыми кітапханасының қоры жаңа ғылыми басылымдармен толықты
Ualikhanov University ғылыми кітапханасының қоры құнды ғылыми әдебиеттермен толықты. Алматы қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты университімізге 500-ге жуық ғылыми басылымдарды сыйға тартты.
2026 жылғы 20 сәуірде Көкшетау қаласына жұмыс сапары аясында университетімізге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Константин Владимирович Черепанов келді.
Ұлттық кітап күні қарсаңында ол университет проректоры Ардақ Қайыржанұлы Капышевке институт ғалымдары дайындаған ғылыми жинақтардың алғашқы даналарын табыстады.
Сыйға берілген басылымдар Қазақстан тарихының түрлі бағыттарын қамтып, студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар үшін маңызды ғылыми дереккөзге айналады.
Мұндай іргелі еңбектермен кітапхана қорын толықтыру зерттеу мәдениетінің дамуына ықпал етіп, ғылыми қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Ualikhanov University Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымына академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі және ғылыми қауымдастықты қолдағаны үшін алғыс білдіреді.