Бүгін Ualikhanov University-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығы мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен «Эко-амбассадорлар» оқыту семинары өтті.
Семинарға студенттер, еріктілер және экологиялық бастамалардың белсенділері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық жобаларды жүзеге асыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және волонтерлік қозғалысты дамыту бағыттары бойынша өзара тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, «Үздік экожоба» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Хуат Ақсұңқардың «1 жас – 1 тал» және Аяулым Дарханбектің «ECO QALQAN – таза қала, жасыл болашақ» жобалары үздік деп танылды. Жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыруға арналған 300 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Алдағы уақытта да жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі жалғасады.