Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі №257 шешімімен Ualikhanov University-дің «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының лекторы Айтжанова Мадина Рүстемқызына 8D05201 - «Экологиялық қауіпсіздік және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Мадина Рүстемқызы Ualikhanov University докторантурасында білім алып, докторлық диссертациясын университет қабырғасында сәтті қорғады. Бүгін салтанатты жағдайда оған философия докторы (PhD) дипломы табысталды. Бұл - оның көп жылғы қажырлы еңбегі, ғылыми ізденісі мен табандылығының, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы зерттеулерге қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.

Сонымен қатар, Мадина Рүстемқызы 2024 - 2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру жобасының жетекшісі. Ол «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» басым бағыты аясында ғылымды дамытуға және өзекті экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерді табысты жүзеге асырып келеді.

Ғылыми жетекшісі - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жапарова Сая Бекетқызына, сондай-ақ шетелдік ғылыми кеңесшісі - география ғылымдарының докторы, профессор Дунц Александр Николаевичке кәсіби қолдауы мен ғылыми жетекшілігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Мадина Рүстемқызын философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы ізденістеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз. Ualikhanov University ғылыми қауымдастығының қатары жаңа PhD иегерлерімен толығып, еліміздің ғылымы мен жоғары білімінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқанын мақтан тұтамыз.