«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Бурабай ауданында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтті.
19 маусым күні Бурабай ауданының Ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған кездесулерге Ualikhanov University психологы Алтын Манапова қатысып, жастармен, ата-аналармен және педагогтермен ашық пікір алмасты.
Іс-шаралар ауданның бірнеше алаңында ұйымдастырылды:
Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибелі психолог, «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлнәр Кәкенқызы Оразбаеваның жетекшілігімен жүзеге асырылды. Кездесулер барысында Бурабай ауданының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері сөз сөйлеп, есірткінің зияны мен оның құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында мамандар есірткі заттарын қолданудың зардаптары, тәуелділіктің алдын алу жолдары, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, отбасының тәрбиедегі рөлі және жастардың саналы таңдау жасауының маңыздылығы туралы кеңінен баяндады.
Ашық диалог форматында өткен кездесулерде қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, білікті мамандардың кәсіби кеңестеріне қанықты.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, салауатты өмір салты құндылықтарын нығайтуға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға бағытталған «Заң және тәртіп» қағидаттарын жүзеге асыруға ықпал етеді.