2026 жылғы 2–30 маусым аралығында «Қонақ профессор» бағдарламасы аясында Gabor Pozsgai (Dr. Gabor Pozsgai) дәрістер мен практикалық сабақтар өткізуде. Ол Португалиядағы Азор аралдары университеті жанындағы Экология, эволюция және қоршаған орта өзгерістері орталығының (CE3C) Азор аралдарының биоалуантүрлілік тобының зерттеушісі болып табылады.
Білім беру бағдарламасы өзекті бағыттардың кең аясын қамтиды, соның ішінде деректер ғылымының негіздері, ғылыми әдіс, гипотеза құру және эксперименттік дизайн, деректерді жинау, сақтау және өңдеу, R бағдарламалау тілі, статистикалық талдау, зерттеу деректерін басқару, сондай-ақ машиналық оқыту, жасанды интеллект және ірі тілдік модельдер.
Оқыту барысында практикалық бөлікке ерекше назар аударылады. Практикалық сабақтар кезінде қатысушылар өздерінің зерттеу жобалары бойынша жұмыс істей отырып, алған білімдерін қолданады, деректерді талдау дағдыларын жетілдіреді және ғылыми қызметте қолданылатын заманауи цифрлық құралдарды меңгереді.
Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға қосқан құнды үлесі, кәсіби тәжірибесі және деректер ғылымы мен ғылыми зерттеулер саласындағы заманауи тәсілдер мен технологиялармен танысу мүмкіндігі үшін Dr. Gabor Pozsgai-ға шынайы алғысымызды білдіреміз.