10 сәуірден бастап Испания университеттерімен танысу басталды. Желіде біз жетістіктерімізбен бөлісіп, Уәлиханов университеті туралы әңгімелестік және екі университетпен меморандумға қол қоюға келістік.

Бүгін қарбалас күн болды. Бірінші бөлім ынтымақтастықтың қалай жүріп жатқаны туралы сессияларға арналды, олардың арасында Эразмус+ жобасы, ғылыми коллаборация және ұтқырлық болды.Кейін b2b аясында біз Испанияның бірқатар әлемге әйгілі университеттерімен таныстық: Гранада университеті, Аликанте университеті, Саламанка университеті, Вальядолид университеті және Альмерия университеті.

Ұтқырлық аясында студенттер мен оқытушыларға, бірлескен ғылыми жобалармен жұмыс істеуге, университетімізде испан тілін үйренуге жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Кездесулер нәтижелі болды. Саламанка және Аликанте университеттерімен келісім-шартқа отыратын боламыз. Сондай-ақ біз Альмерия университеттерімен және студенттеріміздің жақын арада испан тілін үйрену мүмкіндігіне ие болатынын атап өткіміз келеді.

Кездесулерді Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Испания министрлігі ұйымдастырады.