2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында Португалияның Мадейра аралындағы Фуншал қаласында өткен биатл, триатл және лазерлік жүгіруден әлем чемпионатында Ualikhanov University студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.

Халықаралық заманауи бессайыс одағы (UIPM) ұйымдастырған жарысқа әлемнің түрлі елдерінен мыңға жуық спортшы қатысты.

Чемпионатта университеттің 2-курс студенті, триатлоннан спорт шебері Алмас Савет биатлдан командалық есепте әлем чемпионы атанды. Ол бұл жеңіске университет түлектері Максим Шмулич пен Темірлан Теміровпен бірге қол жеткізді. Сонымен қатар Алмас жекелей сында қола жүлдеге ие болды.

Университеттің 2-курс студенті, спорт шебері Анель Исабаева күміс медаль жеңіп алса,

тағы бір 2-курс студенті, спорт шебері Юлиана Петрова үш қола медаль иеленді.

Айта кетейік, Анель Исабаева мен Юлиана Петрова бұған дейін де биатл және триатлдан әлем чемпионаттарында жеңіске жетіп, Азия және Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған.

Халықаралық жарыстағы бұл жетістіктер қазақстандық студенттердің жоғары спорттық әлеуетін және әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтаймыз!