Бүгін Көкшетауда «Қазақстан Республикасындағы дербес деректерді қорғаудың конституциялық кепілдіктері: цифрлық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Дөңгелек үстел барысында цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық ортаның қарқынды дамуы жағдайындағы дербес деректерді қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Ualikhanov University атынан интернационалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Жайлагүл Сағындықова мен ақпараттық қауіпсіздік офицері Александр Павлов баяндама жасады.

Пікірталас аясында цифрлық сауаттылық, киберқауіпсіздік, дербес деректерді реттеу және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы университеттердің рөлі мәселелері қозғалды.

Мазмұнды кәсіби диалог пен сараптамалық пікір алмасу үшін ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіреміз.