2026 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы Seifullin University алаңында Erasmus+ бағдарламасының өңірлік ақпараттық күні және Техникалық көмек миссиясы (TAM) аясындағы «Жоғары білім берудегі жасанды интеллект» конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Еуропалық білім және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің (EACEA) қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич, Erasmus+ бағдарламасының жобалық офицері Мария-Соль Домингес Паррадо, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы Erasmus+ ұлттық кеңселерінің үйлестірушілері, Қырғызстанның HERE командасының өкілі, сондай-ақ Орталық Азия университеттерінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар Erasmus+ бағдарламасының Орталық Азиядағы мүмкіндіктерін, жоғары білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды (CBHE) іске асыру тәжірибесін, Жан Моне бастамаларын, халықаралық серіктестіктер мен академиялық ұтқырлықты дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар жоғары білімді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды
.Бағдарлама аясында Erasmus+ жобалары мен жасанды интеллект бастамаларының көрмесі ұйымдастырылып, онда халықаралық жобалардың нәтижелері, инновациялық білім беру тәжірибелері мен цифрлық шешімдер таныстырылды. Көрме кәсіби байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестіктерді дамыту алаңына айналды.
Көрмеде Ualikhanov University командасы келесі Erasmus+ халықаралық жобаларын ұсынды:
Бүгінде Erasmus+ тек академиялық ұтқырлық бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар жоғары білімді жаңғыртуға, инновациялар мен цифрлық құзыреттерді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірде тұрақты білім беру экожүйесін қалыптастыруға ықпал ететін маңызды алаң.