Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Шақырылған профессорлар» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 13–26 маусым аралығында Пенсильвания мемлекеттік университетінің (Пенсильвания, АҚШ) профессоры Екатерина Базилевская дәрістер өткізуде.
Тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасының докторанттарына арналған «Ақмола облысының агроландшафттарының экологиялық және климаттық тәуекелдерін бағалау» тақырыбындағы 30 академиялық сағат көлеміндегі курс жүзеге асырылуда.
Дәрістер барысында экологиялық және климаттық тәуекелдерді бағалаудың заманауи әдістері, агроландшафттардың тұрақтылығын талдау тәсілдері, табиғатты ұтымды пайдалану және экожүйелердің климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар Ақмола облысының экологиялық проблемалары мен климаттық сын-қатерлеріне ерекше назар аударылуда.
Профессор Екатерина Базилевская дәріс оқумен қатар, докторанттардың диссертациялық зерттеулері бойынша ғылыми кеңес беріп, олардың зерттеу жұмыстарына сараптамалық қолдау көрсетуде. Сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және халықаралық рецензияланатын басылымдарда бірлескен мақалалар жариялау бағытында жұмыстар атқарылуда.
Бағдарламаны жүзеге асыру халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және жас зерттеушілерді даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.