Ualikhanov University-ге инклюзивті білім беру саласының сарапшысы, Simon Fraser University (Канада) білім беру факультетінің қауымдастырылған профессоры Роберт Уильямсон жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында университет ректоры Марат Сырлыбаев пен профессор Роберт Уильямсонның кездесуі өтті. Кездесу барысында инклюзивті білім беруді дамыту, академиялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Профессор Роберт Уильямсон университетте 29 сәуірге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол студенттер, магистранттар, докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамына арналған қонақ дәрістер, мини-курстар, семинарлар және консультациялар өткізеді.

Сапар бағдарламасы сондай-ақ университеттің ғылыми ұжымдарымен кездесулерді, ғылыми іс-шараларға қатысуды және инклюзивті білім беру бағытындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауды қамтиды.

Профессор Роберт Уильямсонның сапары тәжірибе алмасуға, кәсіби диалогты дамытуға және университеттің халықаралық академиялық байланыстарын нығайтуға жаңа серпін береді.