14 қазанда Ualikhanov University-де студенттерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дәріс өтті. Кездесуді университеттің комплаенс-офицері Бекнұр Амангелді жүргізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен академиялық әділдік қағидаттарын ұстану, сондай-ақ әр адамның этикалық нормаларды сақтаудағы жеке жауапкершілігі туралы айтылды.

Кездесуде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың заманауи тәсілдері және университет қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудегі комплаенс-қызметтің рөлі кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері мен өз құқықтарын қорғау жолдары туралы ақпарат алды.

Дәрістің негізгі ойы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек заң талаптарын сақтаумен шектелмейді. Ол әр адамның адалдығынан, жеке жауапкершілігінен және қоғамдағы ортақ құндылықтарға деген құрметінен басталады.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - сенімге, әділдікке және адалдыққа негізделген академиялық ортаны дамытудың маңызды бөлігі.