2026 жылғы 30 сәуірде Ualikhanov University-де «Заңды сыйлау - өзіңді сыйлау» жобасы аясында тәуелсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы сарапшы, заңгер Дидар Нұркенұлы Смағұловпен кездесу өтті.

Іс-шара «Заң және тәртіп» иделогемасын ілгерілету және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында ұйымдастырылды. Кездесуге Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында спикер заманауи құқықтық идеологияның негізгі қағидаттарына тоқталып, заң үстемдігі, заң алдындағы теңдік, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен есептілігі, сондай-ақ адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидаттарының маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту және заңға саналы көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, заң саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, олар болашақ мамандардың құқықтық және азаматтық құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Дидар Нұркенұлына мазмұнды әрі ашық әңгімесі үшін алғыс білдіреміз!
#заңжәнетәртіп