22 қазанда Ualikhanov University-де отандық журналистика саласының белгілі өкілдері Ғалымжан Кеңшілік пен Ақдариға Мұхаддас студенттермен кездесті.

Кездесу барысында қонақтар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі медиа кеңістіктің ерекшеліктері, журналист мамандығының қыр-сыры және кәсіби шеберлікті дамыту туралы әңгімеледі. Ашық микрофон форматында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен еркін пікір алмасты.

Кездесуден кейін журналистер студенттерге арналған жеке семинар-тренингтер өткізді.

Ғалымжан Кеңшілік «Эфир және дауыс: сөйлеу шеберлігінің құпиясы неде?» тақырыбында эфир мәдениеті, сөйлеу техникасы, дауыс мәнері және ақпаратты аудиторияға әсерлі жеткізу тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті.

Ақдариға Мұхаддас «Имидждік бағдарлама әзірлеудің заманауи әдістері. Шетелдерде отандық аудиторияға ақпарат тарату ісінің ерекшеліктері» тақырыбында имидждік жобаларды әзірлеу және халықаралық ақпараттық кеңістікте отандық аудиториямен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталды.

Кездесуге журналистика мамандығының студенттерімен қатар, өзге білім беру бағдарламаларының білім алушылары да қатысты.

Осындай кездесулер студенттерге тәжірибелі мамандардан тікелей білім алып, кәсіби көзқарасын кеңейтуге және болашақ мамандығына жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Қонақтарымызға мазмұнды кездесу мен құнды тәжірибелері үшін алғыс білдіреміз!