Кафедра тарихы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде заңгерлік білім беру 2004 жылы ашылды. Жоғары білікті оқытушылар құрамы педагогиканың озық жетістіктерін қолдана отырып, оқытудың жаңа әдістерін оқу процесінде әзірлеу және енгізу арқылы дайындықты жүргізеді.Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде мамандыққа сай жұмыс берушілер: құқық қорғау органдарының, атқарушы билік органдарының қазіргі қызметкерлері және азаматтық саланың заңгерлері тартылады. Білім беру процесі білім алушылардың қазақстандық және халықаралық заңнаманы қолданудың тұрақты теориялық білімі мен практикалық дағдыларын игеруіне бағытталған. Оқыту траекториясын өз бетінше таңдау білім алушылардың мүдделерін ескере отырып білім алуына мүмкіндік береді. Шығармашылық тапсырмаларды орындау, ғылыми және дипломдық (жобалар) жұмыстарын дайындау және жазу барысында алынған аналитикалық қабілеттерді қалыптастыру ерекше орын алады. Кафедрада бакалавриат және магистратура бағыттары бойынша дайындық жүргізіледі. Біздің түлектер құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және азаматтық салада табысты еңбек етуде.

Білім беру бағдарламалары:

  • 6B04201 Құқықтану
  • 7М04201 Құқықтану

Оқу және ғылыми зертханалар:

  1. Сот-медициналық полигон
  2. Сот отырыстарының оқу залы
  3. Мемлекет және құқық теориясының кабинеті
  4. Қылмыстық құқық және процесс кабинеті
  5. Азаматтық-құқықтық пәндер кабинеті

Құқық кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Байланыстар

Телефон нөмірлері

8 (7162) 40 20 83

Кафедраның мекен-жайы
Темирбекова 30, Корпус № 2, кабинет №210
E-mail

pravo@shokan.edu.kz