Serpin r

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін – 2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер туралы

АҚПАРАТ

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында кадрларды даярлауға қатысып келеді.

Бағдарламаның мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Жетысу облыстары) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.

Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жыл сайын Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетысу облыстарының жастары (ауыл мектеп түлектері) арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін оқытушылар мен қызметкерлер арасынан мобильді топ құрылып, осы елдерге сапар шегеді. Өңірлер мектеп түлектерін оқу орындарының артықшылықтары туралы, оқудың негізгі бағыттары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпараттандырады.

Бүгінгі таңда оқу ордасында 35 білім беру бағдарламасы бойынша 1439 астам студент білім алып жатыр.

2025 жылы бағдарлама шеңберінде 377 студент оқуын бітіріп шықты, 248 білім алушылар кабылданды. Ағымдағы оқу жылында «Серпін» бағдарламасы аясында 260 түлек оқуын аяқтады (педагогикалық мамандықтарда – 230 студент, техникалық мамандықтарда – 30, ауыл шаруашылығы мамандықтарында).

Серпіншілер арасында Республикалық және облыстық олимпиадалардың, конференциялар мен фестивальдердің қатысушылары мен жеңімпаздары бар.

Жоба студенттері университеттің студенттік парламентінің және қызығушылық клубтары («Зияткер» пікірталас клубы, «Шаңырақ» домбыра үйірмесі, «Impulse» би студиясы, спорттық секциялар) мүшелері болып табылады.

2018-2025 жылдар аралығында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы бойынша университетті 2323 түлек аяқтады, 2049 (87,0%) адам жұмысқа орналастырылды. Ақмола облысында 266 (14%) адам жұмысқа орналастырылды.

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен оқу-тәрбие жұмысының сапалы ұйымдастырылуын қадағалайтын үйлестіруші тағайындалды.

2018-2024 жылдар аралығында «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасы бойынша университетті 1946 түлек аяқтады, 1702 (87,0%) адам жұмысқа орналастырылды. Ақмола облысында 266 (14%) адам жұмысқа орналастырылды.

Түлектерді тиімді жұмыспен қамту мақсатында университетте «Мансап және жұмыспен қамту орталығы» құрылды.

ҚР БҒМ-нің нұсқау хатына сәйкес осы бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттер оқыту өңірінде кәсіптік практикадан өтеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі қаулысына № 2 қосымшаға сәйкес, жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында аталған бағдарлама бойынша білім алған студенттер республиканың 8 өңірінде жұмысқа орналаса алады:

123
  1. Ақмола облысы
  2. Абай облысы
  3. Павлодар облысы
  4. Солтүстік Қазақстан облысы
  5. Қарағанды облысы
  6. Қостанай облысы
  7. Шығыс Қазақстан облысы
  8. Ұлытау облысы



Жас мамандарды мекемелерге бөлу, жұмысқа жіберу және жұмысқа орналастыру білім беру ұйымының жолдамасына сәйкес жергілікті атқару органдарымен бірігіп жүзеге асырылады.

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша университетімізде сапалы білім алуларына барлық қажетті жағдайлар жасалған.