2025 жылғы 28 мамыр күні С.Садвақасов атындағы агротехникалық институтының «Серпін» бағдарламасы бойынша...
2025 жылғы 28 мамыр күні С.Садвақасов атындағы агротехникалық институтының «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан соңғы курс студенттерімен Ақмола облысының жұмыс берушілер арасында кездесуі өтті. Іс-шара аясында «Түлек - Жұмыс беруші» атты консультациялық алаң ұйымдастырылды.
Аталған шараға университеттің серіктестері – мүдделі облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық кәсіпорындардың, агротехникалық колледждердің өкілдері қатысты.
Кездесу нәтижелі болды. Университеттің проректоры А. Қапышев студенттерге ашылу сөз сөйлеп, жұмыс берушілер балаларға бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Г.Латыпова мен Отрадный орман шаруашылығының басшысы А.Оразбаев «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша түлектерді бос жұмыс орындарына қызықтырды. Көкшетау қ. (М.Нұрахметова, Р.Өміржан) және Щучинск қ. (Ж.Төленова) жоғары техникалық колледждерінің оқытушылары университеттің техникалық жас мамандарын колледжге жұмысқа орналасу туралы және жатақханадан орынмен қамтамасыз ету туралы айтты. «Qazak food market» ЖШС өкілі (М. Кузьмина) балаларға «Астық сақтау және өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды, «Гормолзавод» ЖШС өкілі балаларды сүт өнімдерін өңдеу және сатуға байланысты бос жұмыс орындарымен таныстырды.
Облыстық Еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Б.Шәріповпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар Б.Шәріпов «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар туралы келісім» жобалары аясында мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ қазіргі уақытта Ақмола облысында 2 мыңнан астам бос жұмыс орындары орналастырылған Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы www.enbek.kz сайтындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында түлектер «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін міндетті жұмыстың шарттары туралы ақпараты Мансап және жұмыспен қамту орталығының әдіскері Б. Альмағамбетова айтты.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұйым өкілдерінен сауатты жауаптар алуға мүмкіндік алды.